ТЖ

СҚО-да үстіміздегі жылы өрттен 53 адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 700-ден астам өрт болып, 53 адам қаза тапқан. 40 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған. Мамандардың айтуынша өрт оқиғаларының дені жеке секторда болған екен. Көп жағдайда от пештен шыққан. Сонымен қатар, көліктердің отқа орану фактілері де жиілепті.

Қозғалтқышты орнату барысында кеткен олқылық салдарынан 8 темір тұлпар отқа оранған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жаңажылдық демалыс күндері өрт саны көбеюі мүмкін дейді. Бұны болдырмас үшін пиротехникалық құралдарды сатып алу барысында және оны қолдану кезінде барынша мұқият болу қажет.

Алдияр Айтпаев