Құқық қорғау органдары

Полицейлер көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды құттықтады

Жаңа жылдың есік қағып келуіне тура 2 күн қалды. Мереке қарсаңында балалар Аяз атаға хат жазып, өзі қалаған сыйлықты алғысы келеді. Бірқатар жеткіншектің арманын полиция департаментінде қызмет ететін мамандар орындады. Оқушы тосын сый алғанына алғыс ретінде тақпақ айтып берді.

Кейін мамандар келесі отбасыға барып,ұлдарына тәтті сыйлықтарын табыс етті. Тәртіп сақшыларының игі ісіне тұрғындар разылықтарын білдірді.

Сән Жұмағазина, СҚО ПД әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Полиция департаментіндегі әйелдер кеңесі – ана мен бала құндылығын нығайтуды көздейтін құрылым. Осы орайда мамандар бірнеше отбасының балалаларын құттықтап қайтты.

Жалпы, жергілікті полиция департаментінде 580-нен астам нәзікжанды қызмет етеді. Бойынша нәзіктік пен батылдық бірге жарасқан мамандардың 18-і – әйелдер кеңесінің мүшесі. Олар түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысады.

Маржан Касымбек