ТКШ

2-ЖЭО жылу беру қуатын арттырмақ

Бүгінгі таңда Петропавлдағы 2-Жылу электр орталығы өңірімізден бөлек, Ресейдің бірқатар облысына қызмет көрсетеді. Яғни, жарық пен жылу таратады. Өкінішке қарай, аталған кәсіпорын соңғы уақытта сынның астында қалып жүр. Бұған себеп – апаттың орын алуы. Қарашаның басында қазандықтар істен шығып еді, өткен аптада осыған ұқсас жағдай тағы тіркелді. Салдарынан жылу беру қуаты азайды.

Михаил Косачев, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ бас директоры:

Петропавлдағы 2-ші Жылу электр орталығы “Севказэнергоның” құрамына кіреді. Бұл орталық 1961 жылы іске қосылған. Онда 12 қазандық бар. Оның 5-еуі 61-68-ші жылдар аралығында салынған. Қазіргі таңда бұл агрегаттардың тозу көрсеткіші 75 пайыздан асып отыр. Ал қалған қазандықтар 68 бен 80-ші жылдар аралығында тұрғызылды. Іске қосылғандарына ұзақ уақыт болған агрегаттар жоғары қысымға шыдай алмайды.

2021 жылы өңірдегі энергетикалық ұйымдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 6,6 млрд қаржы бөлініпті. Қомақты қаржының 3,7 млрд теңгесі 2-Жылу электр орталығына бағытталған. Қаражатқа 8 қазандық пен 5 турбоагрегат қайта қалыпқа келтірілген. Осы ретте айта кетейік, апат орын алған агрегаттар күрделі жөндеуді талап еткен екен.

Ержан Қонырбаев, Петропавл 2-ЖЭО директоры:

Бүгінгі таңда қазандықтардың 7-еуі жұмыс істеп тұр. 3 агрегат – авариялық жөндеуде, 1-еуі – толығымен реконструкциялануда. Ал, енді 1-еуі – резервте. Жылу беру қуатын арттыру үшін желтоқсанның 31-і күні №3 турбоагрегатты іске қосамыз.

Брифинг барысында облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов та сөз сөйлеп, алдағы жылғы жоспармен бөлісті.

Бақыт Ілиясов, СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

2022 жылы энергетикалық ұйымдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 11,7 млрд қарастырылып отыр. Оның 9,5 млрд теңгесі
Петропавлдағы 2-Жылу электр орталығына бағытталмақ. Бұл қомақты қаржыға №2 қазандық күрделі жөндеу көреді.

Сала өкілдері журналистерден жолданған сұрақтарға да жауап берді. Тілшілерден түскен сауалдардың басым бөлігі тарифке қатысты болды. Баға өзгереді. 2022-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жылу құны 5 пайызға артпақ.

Дана Ешкенова