Білім

ҰБТ тапсыруға қосымша 40 минут уақыт беріледі

Ұлттық біріңғай тестілеудің уақыты 40 минутқа ұзармақ! Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңашылдық 2022-ші жылдың басынан күшіне енеді. Баса айта кетерлік жайт, бұл өзгеріс тек ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ғана қатысты болмақ. Яғни, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған жастар енді тапсырмаларды 240 минутта емес, 280 минутта орындайды. Бұл дегеніміз – 4 сағат, 40 минут.

Руслан Емелбаев, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

– Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру уақыты тағы 40 минутқа ұзартылады. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізіледі. Олар үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды.

Дана Ешкенова