Тайынша ауданында құрамажем зауыты ашылды

Аптадағы маңызды жаңалықтар

22:53 28 Желтоксан 2021

Келешекте “ЕМС Агро” серіктестігі еліміздегі ең ірі ет комбинаты атанбақ. Себебі, кешенді кеңейту үшін бақандай 16 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Өндіріс көлемін кеңейту жылына 20 мың тоннаға дейін шошқа етін өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жерде тағы 150 адам жұмыспен қамтылмақ. Комбинаттағы құрылыс жұмыстары келесі жылдың басында қолға алынады деп жоспарлануда.

Құмар Ақсақалов,Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бір жарым жылдың ішінде ферманың сыйымдылығы 50 мың бас шошқадан 100 мыңға дейін өсті. Ал енді тіпті 200 мыңға дейін жетіп отыр. Бұл ет өндірісі мен экспорттың артуына айтарлықтай септеспек.

Ал “Элеватор Тайынша” серіктестігі астықты қабылдап, оны кептірумен және сақтаумен айналысады. Айта кеткен жөн, құрама жем зауытын іске қосу үшін 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Өндіріс ошағында шикізаттың 13 түрі шығарылмақ. Жалпы, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 130 мың тоннаны құрайды.

Шиназбек Балқыбек, “Элеватор Тайынша” ЖШС директоры, Тайынша ауданы:

– Сондай-ақ, зауытта өнімді 50 келілік қаптарға және биг-бегтерге салатын арнайы кешен орнаттық. Элеватордың сыйымдылығы 50 мың тоннаны құрайды. Бұған қоймалық орындар мен екінші элеватор бар. Оның қуаттылығы 120 мың тоннаны құрайды.

Өндіріс ошағын іске қосу үшін арнайы еуропалық құрылғылар сатып алынған. Алдағы уақытта “Элеватор Тайынша” кәсіпорнында үй жануарларының барлық түріне арналған құрамажем әзірленбек. Тіпті, мұндай өнімді балық шаруашылығында да қолдануға болады екен. Құмар Ақсақалов жобаның маңыздылығын атап өтті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сапалы сүт пен ет алу үшін сапалы азық беру керек. Осы орайда азықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Құрамажем осындай кәсіпорындарда дайындалып отыруы керек. Зауыттың іске қосылғаны тауарлы-сүт кешендер мен құс фабрикаларының жұмысын одан әрі дамытуға септеспек. Алдағы уақытта құрамажем зауытының өнімдеріне деген сұраныс та мол болатынына күмән жоқ.

Жаңа кәсіпорын ашылысымен 70 адам жұмысқа тұрды. Серіктестікте өнімдерді талдауға арналған арнайы зертхана да бар.

Ирина Шаравара, зертханашы:

– Мұнда біз құрамажемді талдаудан өткіземіз. Негізінен, мегежіндер мен торайлар үшін азық дайындаумен айналысамыз. Жаңадан құрылған кәсіпорын ауданымыздағы маңызды өндіріс ошағына айналады деп ойлаймын.

Қоса кетейік, зауытта газ құрылғысы да іске қосылды әрі майлы дақылдарға арналған элеватор қалпына келтіріліп, астық сақтауға арналған қойма да жаңартылды.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

Облыстық әкімдікте жыл қорытындыланды
Инфрақұрылым саласының алқа отырысы өтті
Экономист мамандардың пікірі
СҚО үшін 2021 жыл қандай болды?
Университет оқытушылары Президент жүктеген тапсырмаларды іске асыруға әзір
2022 жылдың соңында сапалы жолдардың көрсеткіші 82 пайызды құрамақ
Әкімдік отырысында облыстағы эпидахуал баяндалды
«Қазақстан халқына» қорына басшы тағайындалды
ТЖ кезінде қазақстандықтарға банк қосымшалары мен ресми ақпарат көздері интернетсіз қолжетімді болады
Жаңа премьер-министр тағайындалды, Президент тың тапсырмалар жүктеді
Президент шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты