Қылмыс

Петропавлда түн тыныштығын бұзудың 23 фактісі тіркелді

Петропавлда өткен демалыс күндері түн тыныштығын бұзудың 23 фактісі тіркелді. 14 жағдайда тұрғындар алкогольдік ішімдік ішіп алып, маза бермеген көршілерінің үстінен шағымданған.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, әсіресе, жалдамалы пәтерде тұратын жандар көршілерінің тынышын алады. Петропавлдағы Некрасов көшесіндегі баспаналардың бірінде тұрып жатқан 3 жігіттің шулағаны соншалық, ақыры іс полиция қызметкерлерін шақырумен тынған. Үшеуіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы, жыл басынан бері тыныштықты бұзуға қатысты 2 мыңнан астам петропавлдық жауапкершілікке тартылған.

Алтынай Казиканова