Денсаулық сақтау

Өткен тәулікте облыста 30 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте облыстың 30 тұрғыны коронавирус жұқтырған. Науқастанғандардың 3-еуі ғана сырқатты симптомсыз түрде өткеруде. Ауырғандардың саны бойынша Петропавл қаласы әдеттегідей көш басында тұр. Шаһарда 1 тәулікте 15 адам індетке шалдыққан. Өңірде ковид-19-ға шалдығу жағдайлары сәл болсын сиреген. Өткен 2 аптамен салыстырғанда бүгінде инфекция жұқтыру қарқыны 20 пайызға азайыпты.

Бердимурат Баймухан