Денсаулық сақтау

Елімізде “омикрон” штамына байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін

Сондай-ақ, Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев баяндама жасады. Оның сөзінше, елімізде қаңтардың 5-інен бастап шектеулер енгізілуі мүмкін. Бұған басты себеп – «омикрон» штамының қауіп төндіруі. Әзірге, аталған штамм Қазақстанда анықталған жоқ.

Көршілес жатқан Ресей елінде “омикрон” штаммын жұқтырғандар саны 50-ден асып жығылады. Сондай-ақ, вирустың дәл осы түрінен әлемнің 18 мемлекетінде сырқаттану деңгейі күннен-күнге артуда. Жандос Бүркітбаев отырыс барысында сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне; спорт және фитнес нысандарына, караоке, бассейн мен мен моншаларға, «Қазпошта» бөлімшелеріне және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына «Ashyq» қосымшасы арқылы тек “жасыл” статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша профилактикалық шара енгізуді ұсынды.

Дана Ешкенова