Петропавлда еуропалық деңгейдегі жануарлар тәлімбағы ашылды

Қоғам

21:33 27 Желтоксан 2021

Мына мысықтарды осыдан бірнеше ай бұрын иелері далаға тастап кетіпті. Қара күз бен қақаған қыстың суығында қараусыз қалған төртаяқтыларды тәлімбақ қызметкерлері көшеде жүрген жерінен тауып алған. Сүйкімді жануарлар үйлердің кіреберісін, жылу өтетін құбырлар мен қоқыс маңайын паналаған екен.

Андрей Исаков, «Исаков Андрей» қайырымдылық қорының құрылтайшысы:

– Питомнигке келген жануарлар 40 күн карантинде болады. Ол жерде мамандар ит пен мысықтардың денесін залалсыздандырып, арнайы екпелер қояды. Қандай да бір аурулары болса, емдейді. Содан кейін ғана негізгі орынға әкеледі.

Тәлімбақта түрлі мысық бар. Түстері және тұқымдары бойынша ерекшеленеді. Мұнда олар үшін барлық жағдай жасалған. Осында тамақтанады, ойнайды, ветеринардың қатаң бақылауында болады. Ал келген қонақтар өздеріне ұнағанын сатып ала алады.

Алла Кувшинова, қала тұрғыны:

Мен 20 жылдан бері волонтерлікпен айналысамын. Жануарларға көмектескенді ұнатамын. Қолымдағы күшікті шілде айында даладан тауып алдым. Жағдайы өте нашар болатын. Оны ветеринарға апарып емдетіп, үйге әкелдім. Бүгін біз оған дос іздеуге келдік. Мына мысық маған да, оған да ұнап қалды.

Жоба авторы Андрей Исаков мұнда болашақта үй жануарларына арналған клиника мен стационар ашылады дейді. Сонымен қатар, бірнеше ветеринар маманды жұмысқа алмақшы.

Андрей Исаков, «Исаков Андрей» қайырымдылық қорының құрылтайшысы:

Бұл жерді заманауи қондырғылармен жабдықтаймыз. Ветеринар мамандар қалаға да шығып, қоңырау шалған тұрғындардың жануарларына жәрдемдесетін болады. Одан бөлек, нысан жанынан ит пен мысықтар үшін “қонақ үй” ашамыз. Алыс сапарға шыққан адамдар сол жерге үйдегі жануарларын қалдырып кете алады.

Андрей Исаков аталған орынды ашу үшін Украинаның Харьков қаласына барып тәжірибе жинапты. Айта кеткен жөн, тәлімбақ 800 жануарға шақталған. Қазіргі күні мұнда 50 мысық пен 150-ге жуық ит бар. Олардың күтімімен 17 маман айналысады.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз