Құқық қорғау органдары

Қыс қаһарына мінді

Қыс қаһарына мінді! Синоптиктердің болжамы бойынша демалыс күндері облыс аумағында қолайсыз ауа-райы сақталады. Өңірде сарышұнақ аяз тұрып, ақтүтек боран соқпақ. Осыған байланысты полицейлер тұрғындарды жолдағы кауіпсіздікке баса назар аударуға шақырады. Мамандардың сөзінше, жолға шығар алдында көліктің жай-күйін жақсылап тексеріп алған жөн. Қажетті құрал-жабдықтарды да ұмытпау қажет. Бүгінде тәртіп сақшылары темір тұлпар иелерімен жүздесіп, негізгі ережелерді еске салуда.

Баян Байғаскина, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

Қыс мезгілінің басталуымен ауа райы бұзылып, температураның күрт төмендеуі мен қатқақтың пайда болуына байланысты СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жылдамдық режимін және ара қашықтықты сақтау, сонымен қатар, көлік құралының техникалық жағдайларына ерекше назар аударуларыңызды сұрайды.

Эльмира Садвокасова