Денсаулық сақтау

26 мыңға жуық теріскейлік ревакцинациядан өтті

Осы орайда ревакцинация жайлы өзге де деректермен бөлісейік! Бүгінгі күнге дейін 26 мыңға жуық теріскейлік қайта иммундаудан өткен. Маңызды іс-шара №2 қалалық емханада қызу жүргізіліп жатыр. Мұндағы мамандар ұсынған дерекке сүйенсек, мекемеде 1320 петропавлдық екпе алған.

Қазіргі таңда емдеу орнында 6 егу кабинеті жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, 2 мобильдік топ бар. Яғни, тіркеуде тұрған жандар мамандарды үйге шақыртып, COVID-19-ға қарсы вакцинаның кезекті құрамын қойғыза алады. Айта кету қажет, иммундалған адамдар 3 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады.

Данияр Қабиев, №2 қалалық емхананың дәрігер-терапевті:

Қазіргі таңда вакцина алуға келушілердің қарасы қалың. Қойылып жатқан екпе – алғашқы екеуі сияқты. Яғни, иммундалған адамның бірнеше күн бойы қызуы көтеріліп, әлсіздік болуы мүмкін. Тұрғындарға құлаққағыс, ревакцинациядан кейін вакцинация паспорты жаңартылады.

Алдияр Айтпаев