МТРА жаңалықтары

Жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат берген

Облыста “телефон террорисі” ұсталды.Қалалық полиция бөліміне белгісіз ер адам хабарласып, “Петропавлдағы үйлердің біріне жарылғыш зат қойылды, қайсысында екенін өздерің тауып алыңдар” деп айтқан. Қоңырау шалған ер адам бір сағат ішінде анықталып, ұсталды.

Ол – 57 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Ішімдік ішіп алып есі кеткен ер адам 2018-де де осындай өрескел әрекет жасап, 1 жыл жазасын өтеп шыққан екен. Қазір енді ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 273-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.Жалпы, соңғы 5 жылда облыста 15 телефон террорисі ұсталған. 8-інің психикалық күйі сау және қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Алдияр Айтпаев