ТКШ

Орман шаруашылықтарының техникалық паркі жаңарды

Қайрат ҚАЛЫҚОВ, “Қызылжар” орман шаруашылығы” КММ директоры:

– Алдымызда “МТЗ-920” тракторы тұр. Негізгі бөлшектері Белорусьте жасалып, Қостанайда жиналған. Барлық дөңгелектері айналады. Ауа райына қарайды. Қолайсыз жерлерде жақсы жүреді.

Ішінде пеш те бар. Салонда екінші жүргізушіге арналған орын да қарастырылған. Артына ерекше агрегат тіркеледі. Мұндай дүние көшеттерді отырғызар алдында қолданылады. Яғни, заман игілігі белгілі бір аумақты қопсытып, жас талдарды егуге дайындайды. Айта кету қажет, өңірдегі орман шаруашылықтарының техникалық паркі соңғы рет 2011-ші жылы жаңарыпты. Міне, биыл араға 10 жыл салып тағы оң өзгеріс орын алып отыр.

Қайрат ҚАЛЫҚОВ, “Қызылжар” орман шаруашылығы” КММ директоры:

– Осы тракторлар 12 мекемеге берілетін болды. “Қызылжар” орман шаруашылығы” қалалық жерде орналасқандықтан бізде 2 трактор қалады. 02:26-02:46 Бұл өрт сөндіргіш кешенге 2 текше метр су сыяды. 2 насосы бар. Бірімен су сорылса, екіншісімен су өртке шашылады.

“Қызылжар” орман шаруашылығына қос трактормен қоса берілген шағын өрт сөндіргіш кешеннің басты артықшылығы – техникаға тіркелуінде. Яғни, оны тегеурінді кез келген темір тұлпар тіркеп, оқиға орнына жедел түрде жете алады. Көлемі аса үлкен болмағандықтан тар жерлерден оңай өтеді. Қаз-қатар тізілген су жаңа дүниелермен өңір басшысы Құмар Ақсақалов арнайы келіп танысты. Әр көліктің атқарар қызметін, мүмкіндігін сұрады. Әңгіме барысында аз-кем статистикамен де бөлісті.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Соңғы 3 жылда өрт сөндіретін 11 техника сатып алынды. Биыл 212 млн теңгеге 14 бірлік трактор, 5 патрульдік автокөлік алынды. Бұның барлығы орманды сақтауға және кеңейтуге арналған. Жақсы әсер ететіні сөзсіз.

Орманды кеңейту жұмыстарына кеңінен тоқталайық. Соңғы 5 жылда облыста 16 млн түп ағаш отырғызылыпты. Бұл көрсеткіш кесілген жасыл желектен 2 есеге көп екен. Алдағы уақытта аққайыңдар өлкесіндегі ормандардың аумағы одан әрі ұлғаймақ.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Президент 5 жылдың ішінде ел аумағында 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы тапсырма берді. Біздің міндет – 100 млн түп ағаш. Тиісті қаражат бөлінді. Бұл тапсырма міндетті түрде орындалатын болады.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы өңірімізде 3,5 млн түп көшет отырғызылды.

Байболат Култанов