Денсаулық сақтау

СҚО-да зейнеткерлердің жартысына жуығы екпе алған

Сәлима Басанова – ардагер ұстаз. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған. Мұғалімдік жолды 37 жыл бойы абыроймен атқарған жан вакциналау науқанына да жауапкершілікпен қараған. Зейнеткер иммундау шарасынан толық өткен.

Сәлима Басанова, қала тұрғыны:

– Қараша айында 1-ші екпені алдым. Вакцинаның екінші жартысын желтоқсанда қабылдадым. Екпенің екеуінен кейін де өзімді жақсы сезіндім. Енді 6 ай өткен соң ревакцинацияға баруым қажет.

COVID-19-ға қарсы екпе алу ешкімге де міндеттелмейді, ол – ерікті іс дейді зейнеткер. Дегенмен, жақындарыңның амандығы үшін көптен қалыспай вакцина алған жөн деген пікірде.

Сәлимә Басанова, қала тұрғыны:

– Менің бұрынғы әріптестерім, спортпен бірге айналысатын замандастарым мен туыстарымның барлығы вакцина алды. Мен екпені ең соңғы болып салдырттым деуге болады. Өзім вакцина қажет деп ойлаймын.

Жалпы, толық иммундаудан өткен өзге солтүстікқазақстандықтар жайлы айтар болсақ, бүгінге дейін 251 мыңнан астам адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның қос құрамын да алған.

Алдияр Айтпаев