Ауыл шаруашылығы

Петропавлда «LECKER» ет дүкені ашылды

Петропавлда «LECKER» ет дүкені ашылды. Жаңа сауда орнында Тайынша ауданындағы ет комбинатында өндірілген өнімдер сатылады. Мұнда сиыр, жылқы, қой мен шұжықтың түр-түрі бар. Экологиялық таза тауардың құны нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен. Бұл – «EMC Agro» кәсіпорнының Петропавлдағы алғашқы фирмалық нүктесі. Өндіріс ошағының директоры Қанат Әтейбеков алдағы уақытты облыс орталығында тағы дәл осындай 5 дүкен ашу жоспарда бар дейді.

Қанат Әтейбеков, «EMC Agro» ЖШС директоры:

Тайыншада орналасқан ет комбинатында тәулігіне 30 тонна ет өндіріледі. Өнім мол. Сол себепті, солтүстікқазақстандықтарды сапалы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ете аламыз. Қазіргі күні Ақмола облысы мен Тайынша ауданында сауда нүктелеріміз бар. Келешекте еліміздің әр қаласында 5 дүкеннен ашамыз. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында «LECKER» дүкенінің 10 шақты нысаны болады.

 

Бердимурат Баймухан