Ерекше жоба сынақтан өтуде

Көлік және жолдар

23:20 21 Желтоксан 2021

Қаңтар-қараша айлары аралығында өңірде 236 жол-көлік апаты болған. Салдарынан 34 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақаттанған.Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында петропавлдық полицейлер ерекше пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр. Тәртіп сақшылары көлік ағыны аса жоғары Жәлел Қизатов көшесінің бойында жарық шашатын жүргіншілер жолағын тексеруде. “City Mall” сауда ойын-сауық орталығының маңында орнатылған жүйе автоматты түрде жұмыс істейді. Яғни, тұрғындардың қозғалысы кезінде ғана іске қосылады. Сары-ақ түсті жолақты 100 метр жерден байқауға болады.

Денис Столяров, қала тұрғыны:

Мен мұндай жобаны қаламыздың басқа да жерлерінде қолға алу қажет деп ойлаймын. Шеткері аудандарда орнатылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Серік Әлжанов, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

Бұл – пилоттық жоба. Жоба өзінің тиімділігін дәлелдесе, қаламыздың және аудан орталықтарының қауіпті саналатын учаскелеріне орнатылады.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Адамды қағып кетіп, ізін суытқан 28 жүргізуші анықталды
Қазақстанда жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы қайта жанданады
Петропавлда 700-ден астам жол-қозғалыс ережелерін бұзу фактісі тіркелді