Мәдениет

Ақжар ауданында Байтайлақ батыр мазары ашылды

Өңірде Шеруші-Керей руының басшысы, атақты Байтайлақ батырдың мазары ашылды. Мазар Ақжар ауданының орталығы Талшық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан. Айта кету қажет, Байтайлақ Бәйімбетұлы қазақ-жоңғар шайқасына алғаш рет 13 жасында қатысқан. 1718 жылы “Аягөз” шайқасында 3 қалмақ жауынгерін жеңіп, көзге түседі. Жалпы, оның ерлігін Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек пен Наурызбай сынды ерлер мен Абылай хан мойындаған. Батырдың жерленген орны Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлер картасына енгізілген.

Алдияр Айтпаев