Құқық қорғау органдары

Заңсыз сатылымдағы пиротехникалық заттар тәркіленуде

Сертификатталмаған жаңажылдық шартылдақтар адам өмірі үшін қауіпті. Тәртіп сақшылары облыс көлемінде заңсыз айналымдағы пиротехникалық дүниелерді тәркілеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған мақсатта 84 мобильдік топ құрылып, 200-ден аса полиция қызметкері жұмылдырылған.

Ерболат Қабыров, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бөлім инспекторы:

– Балалар арасындағы оқыс оқиғалардың алдын алу және рұқсат құжаттарынсыз сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілерінің жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 15 және 22 желтоқсан аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланды. Облыс тұрғындарынан пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға кеңес береміз.

Жедел-алдын алу іс-шарасы басталысымен облыс көлемінде 9 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталыпты және сертификатталмаған 190-нан астам пиротехникалық зат тәркіленді. Осы орайда мамандар тұрғындарға арнайы тексерістен өтіп, рұқсат берілген тауарларды ғана сатып алуға кеңес береді.

Бердимурат Баймухан