Денсаулық сақтау

Эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Қазақстан бойынша соңғы тәулікте 380 адам коронавирус жұқтырған. Індеттің тіркелуі бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр. Үштікте Нұр-Сұлтан қаласы мен теріскей де бар. Біздің өңірде өткен 24 сағаттың ішінде 64 жағдай анықталды.

Еске сала кетейік, СҚ әлі күнге дейін сары аймақта. Бұл ретте дәрігерлер қауымы тұрғындарды иммундау шарасына белсенді қатысуға шақырады. Бүгінде облыста ковид-19-ға қарсы вакцинаның қос компонентін де 250 мың адам қабылдаған. Ал республика бойынша көрсеткіш 8 млн 363 мыңды құрайды.

Эльмира Садвокасова