Құқық қорғау органдары

Тәуелсіздік құрдастары

Солтүстік Қазақстан облысының полициясында 70-тен астам Тәуелсіздік құрдасы еңбек етеді. Солардың бірі – өңірдің құрметті азаматы, конькимен жүгіруші Татьяна Долбышева. Өзінің жастығына қарамастан желдей жүйрік спортшы биік белестерді бағындырып жүр. Ол – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Студенттер арасында өткен әлем чемпионатының жүлдегері.

Азия ойындарының қатысушысы. Аға лейтенант Солт-Лейк-ситиде өткен додада атой салды. Жаһандық жарыста Татьяна Долбышева құрамында болған еліміздің юниорлар құрамасы әлемдік рекорд орнатты. Қызмет пен спортты қатар алып жүрген полицей жолдасымен бірге ұл тәрбиелеп отыр.

Татьяна Долбышева, СҚО ПД аппаратының қызметкері:

– Менің әкем де, ағам да – хоккейшілер. Олар мені 4-ші сыныпта конькимен сырғанауға үйретті. Ең бірінші конькиім 43-ші өлшемдегі болды. Оны пимамның сыртынан кигізетін. Мұз үстінде сырғанау бірден ұнады. Осылайша, спортқа келдім.

Байболат Култанов