Аптадағы маңызды жаңалықтар

10 күн қатарынан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі

Петропавл тұрғындарының құлағына алтын сырға! Бүгін Алтын Арман, Дария, Корона, Привокзальный және коммуналдық базарларында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері бастау алды. Шара желтоқсанның 30-ына дейін жалғаспақ. Сауда орындарына 13 ауданнан табиғи таза, балғын өнімдер жеткізілді. Бастысы тауарлардың барлығы дүкен және супермаркетпен салыстырғанда төменделген бағамен сатылуда.

Атап айтсақ, 1-ші санаттағы жұмыртқаның ондығын – 330, екінші санаттағысын 250 теңгеге алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жылқы, сиыр, қой, құс етін аламын деушілерге де жәрмеңкеге асыққан жөн. Себебі, тауық етінің 1 келісі – 950, үйректікі – 1600, ал қаздыкі 2200 теңгеден саудалануда. Сөрелерден сүт өнімдері, балық, бал мен көкөністің түр-түрін табуға болады.

Эльмира Садвокасова