Ауыл шаруашылығы

Ветеринария саласының мамандары құрметке бөленді

Ветеринария саласының өкілдері де құрметке бөленді.Тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында 50-ге жуық солтүстікқазақстандық маман марапатталды. Оларға мерейтойлық медаль, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және бейінді басқарма басшысының Алғыс хаты табысталды. Мерейі үстем болғандардың арасында Ғ.Мүсірепов ауданындағы ветеринарлық станцияның бас ветеринар дәрігері Боранбай Закирьянов та бар. Мереке қарсаңында азаматтың ұзақ жылдық еңбегі еленіп отыр. Өз ісінің жілігін шағып, майын ішкен жан өмірінің 37 жылын ветеринария саласына арнапты.

Боранбай Закирьянов, Ғ.Мүсірепов ауданы ветеринарлық станциясының бас ветеринар дәрігері:

– Біздің басты міндетіміз – аудандағы қара мал болсын, қой, жылқы секілді жануарлардың денсаулығын бақылау. Малдарды әрдайым түрлі ауруларға тексеріп отырамыз. Жалпы, біздің ауданда бүгінде 50 мыңға жуық мал бар.

Бердимурат Баймухан