Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары марапатталды

Қоғамдық тәртіпті сақтайды, қылмыскерлерді ұстап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік алғанына небәрі 30 жыл болған еліміздің дамуына ішкі істер органдары мамандарының қосқан үлесі зор.

Марат Төлебаев, СҚО ПД бастығы

– Қазақстан құқықтық, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Ендеше көк байрағы желбіреген, Әнұраны шырқалған, беделді ынтымағымен жарасқан еліміздің Тәуелсіздігі баянды, жарқын болсын.

Өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүрген жандарды облыс әкімі Құмар Ақсақалов Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Баршаңызды ең қасиетті мереке Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. 16 желтоқсан – халқымыз үшін ерекше күн. Отанымыз Тәуелсіздік алған жылдары үлкен сынақтан өтті.

Салтанатты жиын барысында өңір жетекшісі бірқатар маманға «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісін табыс етті.

Ал кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Руслан Тасимовқа адал еңбегі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасы берілді. Азаматтың бұл салада қызмет етіп жүргеніне 17 жыл болыпты.

Руслан Тасимов, СҚО ПД кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары

– Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай мен облыс әкімінің қолынан Құрмет грамотасын алып тұрмын. Бұл марапат өте биік маған. Екі күн бұрын мен ҚР Чемпионатынан келдім. Макаров пистолетінен атудан 1-ші орын алып келдік.

Шара барысында 100-ден астам адам марапатталды. Жиын соңы мерекелік концертпен жалғасты.

Маржан Касымбек