МТРА жаңалықтары

Петропавлда іскер әйелдер бас қосты

Өрлеу заманы! Осындай атаумен жергілікті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің форумы өтті. Іс-шараға өңірдің 20-дан астам бизнесвумені қатысып, бизнес-жобаларды жүргізу тәжірибесімен бөлісті, саладағы қиындықтар мен жетістіктер туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, жиында кәсіпкерлерге арналған «Бастау», «Еңбек», «Жас кәсіпкер», «Бизнестің жол картасы» сынды бағдарламалар жайлы айтылып, жас іскер жандарға көрсетілетін қаржылық қолдау жөнінде баяндамалар оқылды. Жалпы, өңірімізде өз ісін ашып, кәсіптен нәсіп табуды қалайтын қыз-келіншектердің саны жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде облыста 30 мыңнан астам орта және шағын бизнес субьектісі болса, соның үштен біріне нәзікжандылар жетекшілік етеді.

Ғалия Баязитова, облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің мүшесі

– Бүгін біздің жыл сайын ұйымдастыратын конференциямыз өтті. Жиынның басты мақсаты – жастарды, әйелдерді кәсіпкерлік бағытқа тарту. Жастарға тәлім-тәрбие беру. Бұл іс-шара – үлкен жетістігіміздің дәлелі.

Дана Ешкенова