Қоғам

Мерекеге орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері марапатталды

Тұңғыш Президенттің жарлығымен 1995 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды. Қазіргі таңда бұл институт елдегі бейбітшілік пен бірлікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Ұйымның алдағы жоспарлары да ауқымды.

Мария Татаренко, “Қоғамдық келісім” КММ жетекшісінің орынбасары

– Ел Президенті, Ассамблея төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ассамблея жастары» атты жаңа ұйымды құруды тапсырған болатын. Республика деңгейінде орталық құрылды, енді біртіндеп өңірлерде ашылып жатыр. Аты айтып тұрғандай, бұл ұйым жас ұрпақтың арасында бірлік пен келісімді нығайтуға негізделмек.

 Төккен тер елеусіз қалмады. Ел тұтастығы мен халық бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды. Қошеметке Ғ.Мүсірепов ауданының «Мирас» этномәдени бірлестігінің өкілдері де бөленді. Қазіргі таңда ұйымға 20-ға тарта ұлт өкілі мүшелік етеді екен.

Әсем Жұлдызбекова,”Мирас” этномәдени бірлестігінің өкілі

– “Мирас” этномәдени бірлестігі мерейтой қарсаңында этностардың “Алтын қазынасы – 2021” байқауының жеңімпазы болды. Мектепте 18 ұлт өкілі оқиды. Сынып сағаттарына қатысады. Сәуір айында жыл сайын 10 күндік өтеді. Түрлі этностың дәстүрін, салтын көрсетіп, шаралар өткізіледі.

 Жалпы, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясында өткен жиында ондаған адам марапатталды.

Алдияр Айтпаев