Билік

СҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Тимур Сұлтанғазиев келді. Ол өңірдің экономика, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен мемлекеттік бағдарламалар бағыттарына, денсаулық сақтау, еңбек инспекциясы және спорт салаларына жетекшілік етеді. Тимур Сламжанұлы 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін хирург-дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, АҚШ-тың Тюлэйн университетінде денсаулық сақтау жүйесінің менеджері мамандығын меңгерді. Естеріңізге сала кетейік, Тимур Сұлтанғазиев 2018-2020 жылдары аралығында өңіріміздің денсаулық сақтау басқармасына жетекшілік еткен болатын. Содан кейін Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.

Құмар Ақсақалов,  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Тимур Сламжанұлын жақсы білеміз, денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып қызмет етті. Өте білімді азамат. Ол өзінің кәсіби біліктілігінің арқасында осы қызметке тағайындалды.

Бердимурат Баймухан