Қоғам

Қоғам белсенділері Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қошеметке бөленді

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан қоғам белсенділері марапатталды. Мереке қарсаңында бірқатар жерлесімізге “Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл” медалі табысталды.

Қошеметке бөленгендердің қатарында қоғамдық бірлестік өкілдері, этномәдени орталық төрағалары мен Ауған соғысының ардагерлері болды. Мерейтойлық марапатты “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы Гүлбақша Мұсабаева да иеленді. Игі істің басы-қасында жүретін нәзікжандының айтуынша, өзі жетекшілік ететін ұйымда мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті насихаттау бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Гүлбақша Мұсабаева
, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығы” ҚБ төрайымы

Бүгінгі күні облысымыз бойынша қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып келе жатқан жандар марапатталып жатыр. Расында да халық пен мемлекеттің арасында алтын көпір деген ол – біздің қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар. Тәуелсіздік мерекесі күнімен мен шын жүректен құттықтаймын.

Бердимурат Баймухан