Ауыл шаруашылығы

Айыртау ауданында тауарлы-сүт фермасы іске қосылды

Кәсіпкер Бақыт Құсайынов туған ауылын көркейтуге сүбелі үлес қосуда. Ол кіндік қаны тамған жерге 30-ға тарта үй салған.

Бақыт Құсайынов, “Әдемі-астық” ЖШС басшысы, Айыртау ауданы

– Бұл – менің туған жерім, осында өстім. 2012 жылы қаладан ауылыма көшіп келдім. Содан 3 жылдың ішінде 29 үй тұрғыздық. Алдағы уақытта да атқарар іс шаш етектен. Медпункт, дүкен мен демалыс орталығын ашуды жоспарлап отырмыз.

Бақыт Құсайынов жетекшілік ететін серіктестік ауыл шаруашылығымен айналысады. Голштин тұқымдас 600 сиыры бар. Сүт фермасының құрылысына 1,6 млрд теңге жұмсаған. Нәтижесінде 30 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпкермен тілдесу барысында «Өңіріміз елімізде ақ өндірісі бойынша алда тұр. Бұл бағытты әрі қарай дамыту қажет»,- деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

Жалпы, республика бойынша сүт өндіретін облыстардың арасында біз бірінші қатардамыз. Жалпы, қайта өңдеу мәселесі бойынша біз бірінші орындамыз. Республика бойынша 1 млн тонна қайта өндірілсе, соның 350 мыңы біздің облысымызда қайта өндіріледі. Ал республика бойынша 500 сүт-тауар фермалары болса, 90-ы – біздің облысымызда. Биыл 16 сүт фермасының құрылысы басталып, 10-ын жылдың аяғына дейін бітірейін деп жатырмыз.

Жаңа кешенде ветеринарлық орталық бар. Нысан толық цифрландырылған, ірі қараның жай-күйі заманауи құрал-жабдықтың көмегімен қадағаланады.

Анатолий Святный, «DAIRY GLOBAL EXPERTS» компаниясының ветеринар-дәрігер, Айыртау ауданы

Келісімшарт бойынша алдағы уақытта Украинадан 512 бас әкелінеді. Алғашқы екі партиясы жетті. Бұл ірі қара сүтті болғандықтан, өнімділігі аса жоғары. Солтүстік өңірдің ауа райына бейімделген.

Агроқұрылым жергілікті мәдениет үйіне де жәрдемдеседі. Іскер жанКазанка ауылындағы мәдени-сауықтыру орталығын да жөндеуден өткізіпті. Оған 62 млн теңгеден астам қаржы бағыттаған.

Маржан Касымбек