Денсаулық сақтау

Pfizer вакцинасын егу жалғасуда

Енді жекелей дерекке тоқталайық! Бүгінге дейін №3 қалалық емханада Pfizer вакцинасы 360-тан астам солтүстікқазақстандыққа салынған. Иммундау шарасына қатысқандардың 310-ы – 17 жасқа толмаған ұл-қыздар. Қалғаны – жүкті және бала емізетін әйелдер. Сонымен қатар, емханада 40 адам тәж вирусына қарсы екпенің екінші құрамын да алып үлгеріпті. Айта кету қажет, мекемеде ревакцинация шарасы да жүріп жатыр. Осы күнге дейін мұнда 570-тен астам тұрғын вакцина қойыдырған.

Сахан Кембай, №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибедегі дәрігері:

Балаларға ата-аналардың рұқсатымен екпе егіледі. Барлығы 6 адам жиналуы тиіс. Кейін олар арнайы медициналық тексерістен өтеді. Денсаулығында кінәрат болмаса екпе егуге жіберіледі. Көп жағдайда балаларда аллергия болып жатады. Сол себепті, оларға вакцина егілмейді. Ата-аналарға толық екпемен танысу құжаты беріледі. Сондай-ақ, келісім парағы ұсынылады.

Эльмира Садвокасова