Қылмыс

Жүк көлігін мас күйде басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

Жүк көлігін мас күйде басқарған жүргізуші ұсталып, жауапқа тартылды. Ішіп алып рөлген отырған жанға тәртіп сақшылары кездейсоқ тап болған. «Көкшетау-Рузаевка» бағытындағы жолдың бойында тоқтап тұрған көлікке полиция қызметкерлері жүргізушілердің жағдайын сұрауға барған. Көмек қажет болып қала ма деп жақындаса рөлде отырған қостанайлықтан ішімдік иісі мүңкіп тұрған.

Медициналық тексеріс ауыр жүк көлігін басқарған ер адамның шынында да мас екенін көрсеткен. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 608-ші бабы бойынша материал жинақталды. Жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Осылай, тәртіп сақшылары 6 күнде 30-дан астам мас жүргізушіні ұстаған. Оның 6-уы облыс орталығынан тысқары жерлерде құрықталған.

Данаш Хамзина