Денсаулық сақтау

СҚО-да соңғы тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырып алды

Өңірдегі эпидахуалға тоқтала кетейік. Коронавирусқа қатысты жағдай бүгінде мынадай: соңғы 24 сағаттың ішінде ковид-19-ды 70-ке жуық солтүстікқазақстандық жұқтырып алған. Басым бөлігінде аурудың белгілері анық байқалады. Қазіргі таңда облыс стационарларында 400-ге жуық науқас ем қабылдауда. Оған қоса 37 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр.

Өкінішке қарай, соңғы тәулікте коронавирустан 2 адам көз жұмған. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталар болсақ, Қазақстан бойынша коронавирустан 21 мыңнан астам адам ем қабылдауда. 4 мыңнан астам науқас стационарларда жатыр. 85 адамның жағдайы өте ауыр күйде. 70-ке жуық науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазіргі уақытта теріскей өңірінен бөлек Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар мен Қостанай облыстары да сары аймақта тұр. Қалғандары – жасыл зонада.

Дана Ешкенова