Құқық қорғау органдары

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы қорытындыланды

Облыс орталығында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы қорытындыланды. Полицейлер тіркеуде тұрған 500-ден аса жанжалқойдың үйне барып, тексеріс жүргізген. Рейд барысында құқық бұзғандар да анықталыпты. Әйеліне қол көтерген 84 адам анықталған. Оларға қатысты тиісті қорғау нұсқамасы жазылған. Сондай-ақ, алкогольге тәуелді 11 кісіні мәжбүрлі емдету жөнінде сотқа хат жіберген. Осы орайда полицейлер отбасында қандай да бір қысым көрген қыз-келіншектерге 49-31-58 нөміріне хабарласып, көмек алуға болатынын ескертеді.

Бердимурат Баймухан