Құқық қорғау органдары

Петропавлда екі модульдік бекет ашылды

Халыққа жақын полиция! Бүгін облыс орталығында қос модульдік бекет ашылды. Біреуі – Былғары, екіншісі Береке ықшам ауданында орналасқан. Байболов пен Гастелло көшелерінің қиылысында орын тепкен нысанның жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрайды. Қосын дербес компьютермен, стационарлық телефонмен, сыртқы және ішкі бейнекамералармен жарақталған.

Мұнда учаскелік инспекторлардың көмекшілері мен ювеналдық полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарады. Яғни, тұрғындар мамандарға тәуліктің кез келген уақытында жүгіне алады. Жалпы, жыл басынан бері Петропавлда жұмыс істеп тұрған модульдік бекеттерге 200-ге жуық адам жүгінген екен.

Қанат Айтпаев, СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары:

Модульдік пунктер халыққа жақын болу үшін ашылып жатыр. Кез-келген адам пунктегі тәртіп сақшысына өтініш-арызымен жүгіне алады.

Бердимурат Баймухан