Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері ревакцинациядан өтті

Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациядан өтті. Иммундау шарасына жалпы саны 29 маман қатысты. Оларға отандық КазВак екпесі егілді. Аталған препарат 2-ші компоненттен кейін 6 ай уақыт өткен соң қайта салынып отыр. Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында қайта вакцинациялау науқаны қарашаның 22-сінен бастау алды. Бүгінде денсаулық сақтау саласының өкілдері, мұғалімдер, күштік құрылым қызметкерлері мен 60 жастан асқан қарт кісілерге екпе егілуде.

Құмар Күсемісов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Қазіргі уақытта өңірімізде ревакцинация жүргізу мақсатында Казвак вакцинасы қолданылуда. Ал жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер Comirnaty препаратын қабылдап жатыр. Келекшекте тұрғындарды дәл осы екпемен ақылы түрде иммундау жоспарланып отыр.

Самал Жүнісова