Мәдениет

Ұлы дала мұрасына негізделген Тәуелсіздік

 

Бұл көріністе Абылай хан Бұқар жырауға көрген түсін баяндап жатыр. Ұлы дала билеушісі түсінде өзінің қайтыс болғанын байқайды. Сондай-ақ, табыттың екі бүйірінде азулы арыстан мен айбарлы айдаһар тұрғанын көреді. Мұның не мағына беретінін түсінбеген ол ертеңгі күні Бұқар жырауды шақырып алып, түсін жорып беруді сұрайды.

Жалғас Мұқан, Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенті:

– Бұқар жыраудың жоруы бойынша бұл – Қазақстанның екі жағындағы 2 мемлекет. Сонымен қатар, Абылай 3 байрағын жұлып әкеткелі жатқан 3 тобырды көреді. Бұл кезіндегі 3 жүздің басы қосылмай жатқандағы дау еді. Түс жорылғаннан кейін Абылай қазақ жерін ешкімге бермейміз деген байламға келеді.

Осылайша хан Абылай 3 жүздің басын қосады және бар ғұмырын қазақ жерінің біртұтастығын сақтап қалуға арнайды. Айта кеткен жөн, бүгінгі жиынға Петропавлдағы Ұлттық Ұлан Әскери институтының 1-ші курс курсанттары арнайы шақырылған. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух сіңіріп, ата-баба өсиетін наисхаттау бағытында жасалып отыр.

Бүгінгі көріністен өте жақсы әсер алдым. Тарихымыздың қойнауында жатқан құндылықтарымызды бізге жақсы жеткізе білді.

Мұндай шарағы бірінші рет қатысып тұрмын. Тарихтың кішкене бөлшегін көрсетсе де оның мағынасы өте зор.

Ал шара соңында «Томирис» балалар сән театры жиналғандарға «Ұлы дала» топтамасындағы қазақтың киім үлгерін көрсетті. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан» атты көрме ұйымдастырылды.

Бердимурат Баймухан