Денсаулық сақтау

СҚО-да 102 болашақ ана вакцина алған

 

Соңғы 3 айда дәрігерлерге 9 әйелді кесір тілігі арқылы мерзімінен ерте босандырып алған. Себебі, аяғы ауыр келіншек вируспен күресте дәрменсіз келеді екен. Аты жаман ауру осыны пайдаланып іштегі баланың өміріне де қауіп төндіруі әбден мүмкін.

Динара Сапарбаева, облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы:

Босанғаннан кейін баладан да ПТР-тест аламыз. Сәбилердің де вирус жұқтырғандығы анықталып жатады. Мұндай шақалақтар әлсіз туылады. Коронавируспен ауырған балаларды ерте мерзімде босандыруға тура келіп жатыр.

Мерзімінен ерте туылған сәбидіңбеті бері қарап, жетілуіне біраз уақыт керек. Егер ол инфекцияны жұқтырып алса жағдай тіптен қиындауы мүмкін. Дәл қазір орталықта дүниеге келе салысымен коронавирусқа шалдыққан 2 шақалақ жатыр. Сәбилердің жағдайын мамандар жіті бақылауда. Баланың осындай жағдайға душар болмауы үшін әр жүйті әйел мерзімінде екпе егіп, қорғанғандары жөн дейді дәрігерлер.

Динара Сапарбаева, облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы:

Неге біз вакцинаны жүкті әйелдерге 16 апта кезінде алуды кеңес береміз? Себебі, осы уақытқа дейін іштегі бала органогенез сатысынан өтеді. Денесі қалыптасады. Вакцинаның негізгі міндеті – коронавирустан қорғау.

Облыстық перинаталдық орталықтың есебінде 4 жарым мыңға жуық жүкті әйел болса, бүгінде оның 102-сі ғана екпе салдырған.

Маржан Касымбек