Қылмыс

Петропавлда синтетикалық есірткі жасырып жүрген 22 жастағы жігіт ұсталды

 

Петропавлдың синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 22 жастағы жігіттен салмағы 31 граммды құрайтын ұнтақ табылған. Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді.Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аталған баптың санкциясы қылмыскердің бас бостандығын он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге айыру жазасын көздейді.

Бауыржан Әбділманов, қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі:

– Сараптама нәтижесі бойынша мефедрон синтетикалық психобөлісті зат болып табылды. Алынған заттың жалпы салмағы 31 грамм аса ірі көлемге жатады. Тергеу амалдарын жүргізу кезінде таблеткалар салынған 3 жасырын зат алынды. Бұл таблеткалар «экстази» деп аталатын психотропты зат болып шықты.

Эльмира Садвокасова