Қылмыс

Жеңіл көлікпен жылқыларға соғылған

Жеңіл көлікпен жылқыларға соғылған. Қараусыз жүрген жануарлардың қатысуымен болған жол-көлік апаты «Көкшетау-Омбы» трассасында болды. «Лада Приора» маркалы көлікті 18 жастағы жігіт тізгіндеген екен. Кешкі сағат 8 жарым кезінде Кішкенекөлден Көкшетауға қарай бет алса керек.

Алдынан табыннан бөлініп кеткен бірнеше жылқы шыға келген. Тоқтап үлгермеген жүргізуші тұяқтыларға барып соғылады. Жігіттің өзі аман, жылқылардың біреуі мерт болған. Малға ие бола алмаған жылқышыға қатысты хаттама толтырылыпты. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 408-ші бабы бойынша 2600-ге жуық адам жауапқа тартылған.

Бердимурат Баймухан