Қылмыс

СҚО-да бір күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 35 фактісі тіркелді

Петропавлда құрылыс нысандарының бірінде тәжікстандық 8 азамат заңсыз жұмыс істеп келген. Олардың қатарында бір қытайлық та бар. Аспан асты елінің өкілі кәсіпорындардың бірінде монтаждау жұмыстарымен айналысқан. Қазақстанда болу мерзімі визасында көрсетілген уақыттан асып кеткен. Жалдамалы жұмысшы да, жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары өңірде “Мигрант” жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Бір күнде  шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 5 кәсіпкер және елде болу тәртібін бұзған 35 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Оның екеуі көші-қон заңын бірнеше рет бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан шығарылған.

Эльмира Садвокасова