Спорт

Өңірде “Солтүстік-2021” қысқы облыстық ойындары өтіп жатыр

Өңірде “Солтүстік-2021” қысқы облыстық ойындары өтіп жатыр. Дәстүрлі сайыс карантиндік шектеулерге байланысты биыл қалада көрермендерсіз ұйымдастырылуда. Бүгін 4 ауданның спортшылары шайбалы хоккейден өзара мықтыны анықтады. Ортада – Қызылжар мен М.Жұмабаев аудандарының құрамалары, жартылай финалда бақ сынасып жатыр. Ойын 3 кезеңнен тұрды. Әрқайсысы – 15 минуттан. Есепті алғашқы болып бескөлдік команданың 15-ші нөмірлі ойыншысы ашты. Ал М.Жұмабаев ауданынан келген команда бірінші таймда осалдық танытып, 3 шайба өткізіп алды.

Владимир Бем, «Бастомар» хоккей клубының мүшесі, М.Жұмабаев ауданы:

Қарсыластарымыздың сайысқа мықтап дайындалғаны көрініп тұр. Біз алғашқы таймда командалық рухты жоғалтып алып, жинақтала алмадық. Ал келесі кезеңде қақпаға 2 шайба дарыттық. Бірақ, соңғысында тағы 1 ұпай жіберіп алдық. Осылайша, жеңіліске ұшырадық. Құрамаға әлі де жаттығу керек.

Владимир Щербаков, жарыстың бас төрешісі:

Түстен кейін қызылжарлықтар аққайыңдықтармен бірге финалда кездесу өткізеді. Ал М.Жұмабаев пен Ғ.Мүсірепов аудандары 3-ші орынға таласады.

Маржан Касымбек