Қоғам

Қазақстан халқының саны – 19 169 550 адам

Қазақстан халқының жалпы саны – 19 169 550 адам. Мұндай деректі ел Президентті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Премьер-Министр Асқар Мамин тілге тиек етті.

1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелеріне сүйенсек, отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, қалған 51,29 пайызы – әйелдер. Қазақстандықтардың орта жасы 32-ге жуықтайды. Тұрғындардың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жеткен. Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған

Эльмира Садвокасова