Ауыл шаруашылығы

Жерге қатысты дау-дамай

Жерге қатысты дау-дамай толастар емес. Әңгіме Тимирязев ауданына қарасты Белоградовка селосының тұрғындары мен жергілікті серіктестік турасында. Тура бір ай бұрын біздің арнаға егістік алқаптарын қайтара алмай жатқан ауылдағы ағайын хабарласқан болатын.

241 үлескер “Елімай және М” агроқұрылымына өздеріне тиесілі ауылшаруашылық жерлерін 2008-де тапсырыпты. Қазір 80-ге жуығы серіктестіктен шығуға ниет білдіруде. Даудың басы осыдан басталған. Бірнеше жылға созылған кикілжіңді қос тарап әлі шеше алмай келеді. Тұрғындардың сөзінше, агроқұрылым өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамайды. Әрі егістік алқаптарын қайтару ісіне кедергі келтіруде. Алайда, шаруашылық басшылығы мұны жоққа шығарып отыр.

Вадим Кузьменко, «Елімай и М» ЖШС директоры

– Дивидентті біз уақытылы төлеп тұрамыз. Көлемі биыл орташа аудандық көрсеткіштен де жоғары болды. Қаражаттан бөлек әрбір үлескерге шөп пен сабан тегін үлестіріледі. Тұрғындар бізге жалған қол жасады деген айып тағып отыр. Қазір мәселе сотта қаралуда, арнайы сараптама тағайындалды. Өтініштерімізді қарамайды дегендері де шындыққа жанаспайды. Бізге келген арыз-шағымдардың барлығына жауап берілді.

Эльмира Садвокасова