Қоғам

“Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан” атты көрме өтті

Бабалар аңсаған Тәуелсіздік. Қазақстан егемендік алған сәттен бастап, алға нық қадам жасады. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырауды еңсерді,ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, мәдениет, білім мен ғылымды дамытты. Ірі халықаралық шараларда көпке танылды. Қабырғада суреттері – ілініп тұрған жандар сөзімізге айқын дәлел.

Еркебұлан Ахметжанұлы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

– Александр Винокуров – 2000 жылғы Сидней олимпиадасының күміс медаль иегері. 2012 жылы өткен Лондон олимпиадасында алтын медаль жеңген. Бүгінгі таңда оның атымен аталатын спорт сарайы бар.

Солтүстікқазақстандық спортшылар 30 жылда жүздеген халықаралық жарыс пен байқауға қатысып, еліміздің намысын абыроймен қорғап қайтқан. Облыстық музейде толағайларымыз жеңіп алған марапаттар да тұр.

Еркебұлан Ахметжанұлы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

– Сондай -ақ, біз Жанат Жақияновты танимыз. Көрмемізге спортшының белбеуі қойылған. Осы сияқты белгілі тұлғалардың заттары бар.

Спорттан бөлек, соңғы 30 жылда өңірде мыңға жуық білім беру ұйымы құрылды. Жастар қазақ, орыс және ағылшын тілін жетік меңгеруге тиісті жағдай жасалды. Аға буын өкілдері салған сара жолды қазіргі жастар жалғастырып келеді.

Жастардың жетістігін көріп қуанамыз. Іштей мақтан тұтып отырамыз.

– Тәуелсіздігіміз үшін отандастарымыз жан алысып, жан берісті. Қиындықпен келген егемендігімізді сақтап, елімізді дамытып жатқан жандарға қарап қуанамын.

Маржан Касымбек