Денсаулық сақтау

Әлемде 8 млрд-қа жуық доза екпе егілген

Әлемде коронавирусқа қарсы екпенің шамамен 8 млрд дозасы егілген! Иммундау науқанында қытайлықтар аса белсенділік танытуда. Бүгінге дейін аспан асты елінде 1,1 млрд-тан астам адам вакцинаның қос құрамын да алған. Қазір шығыстағы көршілеріміз 3 жастан асқан балаларды иммундауда.

Жуырда Чилиде де 3 пен 5 жас аралығындағы ұл-қыздарға екпе қою жұмыстары басталып кетті. Балақайларға қытайлық CoronaVaс препараты қойылуда. Екпе алдымен созылмалы дерті бар балаларға егіледі. Ал Оңтүстік Африка мен Австрияда жеткіншектер арасында тәж вирусын жұқтыру жағдайлары жиілегендіктен иммундау барысында қарқын қосылған. Ал Куба «омикрон» штамына қарсы отандық «Соберана плюс» вакцинасын салуда.

Дана Ешкенова