Бизнес және экономика

3 солтүстікқазақстандық кәсіпкер «Парыз» республикалық байқауының лауреаты атанды

Бүгін «Парыз» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері де белгілі болды. Шара барысында кәсіпкерлер бірнеше номинация бойынша марапатталды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында «Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорын» аталымы бойынша Мамлют ауданындағы «Бредун» шаруа қожалығы – 1-ші және Ғабит Мүсірепов ауданындағы «Целинное 2004» серіктестігі 3-ші орынға ие болды.

Алғашқы аталған кәсіпкерліктің басшысы Алексей Бредун Дубровное ауылындағы асхана-қонақ үй кешенін салуға 54 млн теңге қаржы бөлген екен. Іскер жанның еңбегі еленіп, бүгін ол үздіктердің қатарынан көрінді. Сонымен қатар, орта және шағын бизнес өкілдерінің арасында «Үздік ұжымдық келісімшарт» атты номинация ойнатылған болатын. Бұл аталым бойынша Қызылжар ауданында орналасқан «Мол сервис» серіктестігіне 2-ші орын берілді.

Эльмира Садвокасова