Қылмыс

Жыл басынан бері өңірде карантин талаптары 391 рет бұзылған

Карантиндік талаптарды бұзған мекемені тәртіп сақшыларына ұстап берді. Жуырда Петропавлдағы көңіл көтеру орындарының бірінде түнгі уақытта 10-ға жуық адам сауық құрған. Араларындағы біреу ащы суды артық ішсе керек, оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақыртыпты. Бұл фактіге қатысты тиісті материал жинақталып, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған. Жалпыға ортақ ережені елемеген тұлғаларға айыппұл салынбақ. Жалпы, осы демалыс күндері мониторингілік топ өкілдері тәртіпке бағынбаған 4 бірдей ойын-сауық мекемесінің басшысын жауапкершілікке тартқан. Ал жыл басынан бері өңірде карантин талаптары шамамен 400 мәрте бұзылған.

Дана Ешкенова