Денсаулық сақтау

Солтүстік Қазақстан облысы бүгін “сары” зонаға өтті

2 айдан бері қауіпті аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысы бүгін сары аймаққа өтті. Соңғы аптада өңірде тәж вирусын жұқтыру жағдайлары азайған. Өткен тәулікте 68 солтүстікқазақстандықтың коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Оның басым бөлігінде ауру белгілері анық байқалады. Елдегі эпидахуалға тоқталар болсақ.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 24 мыңнан астам коронавирус инфекциясына қарсы ем қабылдауда. Оның 5 мыңға жуығы стационарларда жатыр. 97 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 60-қа жуық адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Өкінішке қарай, елде соңғы 24 сағаттың ішінде 17 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды. Бүгінде теріскей өңірінен бөлек Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, облыстары да сары аймақта тұр. Қалғандары – жасыл зонада.

Дана Ешкенова