Қоғам

Еңбек нарығындағы жағдай

Еңбек нарығындағы жағдай. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының сайтында жарияланған соңғы ақпарға сүйенсек, өңірімізде 15 және одан жоғары жас аралығында жұмысқа қабілетті 305 мың 600 адам тұрады.

Бұл – солтүстікқазақстандықтардың 71,2 пайызы. Бүгінде 291 мың тұрғын немесе жалпы халықтың 67,8 пайызы экономиканың түрлі саласында тер төгуде. Олардың басым бөлігі – ерлер. Еңбеккерлердің 218 мыңға жуығы жалдамалы жұмысшы ретінде саналады. Арнайы сайтта жұмыссыздық жайлы дерек те бар. Қазан айында жұмыссыз жүрген 4 жарым мыңнан астам адам тіркелген екен. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 6 мыңға жуықтаған.

Байболат Култанов