Денсаулық сақтау

Эпидемиолог-дәрігерлер тұрғындарды екпе алуға шақырады

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасындағы эпидемиологиялық ахуал қалыпқа келуде. Мұндағы коронавирусқа шалдыққан науқастарға арналған стационарда қазір 18 адам ем алып жатыр. Олардың барлығының жағдайы тұрақты деп бағалануда. Аптасына инфекциялық бөлімшеге ковид-19 диагнозымен 5-6 жеткіншектен түседі екен. Абырой болғанда, дені дерттің жеңіл формасымен күреседі. Ахуалды одан әрі жақсарту үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажет дейді ақ халаттылар. Қазір елімізде 12 жастан асқан ұл-қыздарға, жүкті әйелдер мен бала емізетін нәзік жандыларға екпе қою науқаны жалғасуда.

Сергей Завьялов, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының эпидемиолог-дәрігері:

– Солтүстікқазақстандықтарды вакциналаудан өтуге шақырамын. Бүгінде әлем елдерінің тәжірибесіне қарасақ, иммундау шарасының маңыздылығын түсінеміз. Екпе алу арқылы ғана ұжымдың иммунитетті қалыптастырып, індетке төтеп бере аламыз.

Бердимурат Баймухан