Денсаулық сақтау

Пандемия басталғаны 1 млн-ға жуық қазақстандық вирус жұқтырған

Пандемия басталғаны 1 млн-ға жуық қазақстандық тәж вирусын жұқтырған. Науқастанғандардың басым бөлігі – Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары. Жекелей тоқталайық, оңтүстік астанада – 182 мыңнан, елордада 151 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Дүйім жұртты дүрліктірген аты жаман індет әлі де дес берер емес.

Өткен тәулікте 760-қа жуық отандасымыздың сынамасынан дерттің белгілері табылыпты. Жаңа жағдайлар бойынша көш басында – Нұр-Сұлтан қаласы. Мұнда 130 кісі науқастар тізіміне қосылған. Ал өңірімізде 82 факті тіркеліп отыр. Өлкемізде ковид-19-ды жұқтырғандардың басым бөлігі – петропавлдықтар. Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан әлі де – “қызыл” аймақта. “Сары” зонада Қарағанды, Павлодар, Ақмола мен Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.

Бердимурат Баймухан